Нурмагомедов МакГрегормен екінші жекпе-жек өткізу үшін шарт қойды — Спорт

0

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен қарымта өткізуі мүмкін. Бұл туралы ресейліктің әкесі Абудлманап Нурмагомедов мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sport24 басылымына сілтеме жасап. 

Абудлманап Нурмагомедов айтуынша, осыған дейін МакГрегормен екінші жекпе-жек өткізу үшін 15 миллион долларға ұсынылған. Алайда Нурмагомедовтың командасы бұл қаражатты екі есе көбейтуін талап етті.

«Бізбен жұдырықтасқысы келе ме? 30 миллион беріңіздер жұдырықтасайық. Бұл МакГрегорге ұсыныс. 15 миллион ұсынған. Не үшін? 30 жігіттер, 30. МакГрегор кей жақтарын күшейткен екен. Бірақ біз қазір басқа деңгейдеміз. Бұрын оны ұрып жығамыз деп айта алдық па? Жоқ. Сосын Хабибпен жекпе-жекке лайықты және оны күтіп отырған басқа да жігіттер бар. Оларды сыйлауымыз керек. Порье, Фергюсон бар. Ал жанкүйер жинап, ақша табу мен хайп көтеру дегенге келсек, ол үшін Диаспен жұдырықтасуға болады. Қазір бізде таңдау бар», — дейді ресейлік спортшының әкесі.

Оның айтуынша, Хабиб кез келген жерде жекпе-жек өткізуге дайын.

«Біздің мақсат — дайындалу, жұдырықтасу, жеңу. Ал промоушен міндеті — біздің мүддемізді есепке ала отырып жаңа келісімшарт жасау. Бір жекпе-жек, кіммен болсын, қай жерде және қай жерде бәрібір. Біз таңдаймыз да, нүкте қоямыз. Мәскеу, Сочи, Питер, Екатеринбург болса да», — деп түйіндеді Абдулманап Нурмагомедов.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz