«Нұрлы жол» аясында 3 мыңға жуық сумен жабдықтау желісі жөнделген

0
19 Қараша 2018, 11:44 163 0

Фото: Baribar.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде кезекті үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Су көлігі саласында Құрық портының даму шаралары жүзеге асырылауда. Қуаттылығы 4 млн тонна болатын теміржол терминалы және қуаттылығы 2 млн тонна болатын автомобиль байланысы іске қосылды. Нәтижесінде, Ақтау мен Құрық порттарының өткізу қабілеті 19 млн 500 мың тоннадан 25,5 млн тоннаға дейін артты», — деді Қасымбек.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, бүгінгі күні Құрық портының жаңа паромдық терминалы арқылы халықаралық транскаспийлік бағыт аясында 23 мыңнан астам вагон мен автокөлік немесе шамамен 3 млн тоннаға жуық жүк тасымалданған.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл барлық бағыттар бойынша 20 футтық эквивалент 536 мың транзиттік контейнер тасымалдау жоспарланған. Биыл 10 айда Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдар көлемі 411,5 мың жиырма футтық эквивалент контейнерді құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанд 49% артық. Контейнер саны бойынша Қытай – Еуропа – Қытай бағытына жыл сайын екі есе өсім қамтамасыз етілуде. Бұл бағыт бойынша биыл 10 айда аталған көрсеткіш 235,5 мың жиырма футтық контейнерді құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 54% артық», — деді министр.

Оның айтуынша, бюджет жүктемесін төмендету мақсатында жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері жүйелерін жаңғырту саласында бюджеттік кредиттеу және субсидиялау механизмдері іске асырылуда.

«2015-2018 жылдары 404 жобаны іске асыруға 230,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 195,5 млрд теңге игерілді. 3 478,6 шақырым жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілерін, 29 қазандық пен 95 басқа да нысандарсалу және қайта жаңғырту жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2015 жыл мен 2018 жыл аралығында 2 982 шақырым жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері мен 24 қазандық, 71 бірлік басқа да нысандар салынды және қайта жаңғыртылды», — деп есеп берді ИДМ басшысы.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ