«Нұрлы жер» бағдарламасына кім қатыса алады және қандай құжат керек?

0
Экономика

Қысқа сілтеме алу

874 0 0

Бағдарлама бойынша алынған пәтерлерді жекешелендіруге болмайды, өтінішпен бірге сегіз құжат тапсыру керек

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаныс басқармасы кезекте тұрған азаматтардан баспана алуға құжат қабылдауды бастағанын жариялады.

Пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы беріледі, жекешелендіру құқығы болмайды.

Қазақстанда ең арзан ипотека халықтың 15%-ына ғана қол жетімді

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кім пәтер ала алады?

Бағдарламаға кезекте тұрған адамдардың төменде көрсетілген санаттары қатыса алады:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • І және ІІ топ мүгедектері;
  • мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • кейбір созылмалы дерттің ауыр түріне шалдыққан тұлғалар;
  • жасы келіп зейнетке шыққандар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
  • оралмандар (репатрианттар);
  • экологиялық апат, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан баспанасынан айырылған тұлғалар;
  • көп балалы отбасылар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндет, әскери қызмет атқару, ғарыш кеңістігіне дайындалу немесе ұшу, адам өмірін құтқару және құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары.
  • толық емес отбасылар.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құжаттарды қайда қабылдайды

Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға үміткерлер келесі мекенжайға құжат тапсыра алады: Астана қаласы, Достық көшесі, 13  («Нұрсая-2» тұрғын үй кешені), кабинет №3.

Кабинеттің жұмыс кестесі: 8.30-ден 17.00-ге дейін. Үзіліс 13.00-14.30 аралығында (Кеңсе 8.30-16.00 үзіліс 13.00-14.30 аралығында).

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар керек?

Баспана алуға үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруға тиіс:

  • өтініш;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігі;
  • өтініш беруші мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мекенжайы бойынша тіркелу анықтамасы;
  • некеге тұру/ажырасу куәлігі, жұбайының қазасы туралы куәдік, балалардың туу туралы куәлігі, өтініш берушінің некеге тұрмағанын білдіретін нотариалды куәландырылған құжаты.
  • өтініш беруші мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағында жеке меншік немесе жалға алынып, кейін сатып алатын баспанасының бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
  • жылжымайтын мүлік құқығы мен оның техникалық сипаты (үлес болған жағдайда, саман немесе қамыс каркас үй, жатақханадағы бөлме) туралы анықтама, сонымен қатар осы айтылған жағдайларда меншік құқығын растайтын құжаттар;
  • өтініш берушінің Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 67-бабымен анықталған санатқа жататынын растайтын құжат;
  • күнкөріс минимумының 3,1 есе көлеміне сәйкес келетін жиынтық кіріс туралы анықтама (2011 жылдың 15 желтоқсанынан бастап кезекке тұрғандар әлеуметтік қорғау органынан алады (Астана қаласы, Достық көшесі, 13, 11 үстел).

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлері қосымша құжаттар алу немесе өтініш берушінің деректерін нақтылау үшін азаматтарды шақыруы мүмкін.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/