Нұрлан Қоянбаевтың президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылғаны жөнінде ақпарат тарады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық әзілкеш, шоумен әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев президенттік сайлауға кандидатурасын ұсынбақ. 

Нұрлан Қоянбаевтың президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылғаны жөнінде ақпарат тарады

Бұл туралы yvision.kz блог-платформасында kay_zz атты қолданушы жазды. 

Автордың жазуынша, ҚР Орталық сайлау комиссиясына Жастар «КВН одағы» бірлестігі атынан үміткер ұсынылған. Бірлестік Нұрлан Қоянбаевты президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынды. 

Мемлекет басшылығына үміткерлердің кем дегенде 5 жыл мемлекеттік қызметте болуы талап етіледі. Қоянбавтың командасы бұл жағдайды да ойластырған көрінеді.

Айта кетейік, Украинада президент сайлауындағы екінші турда танымал шоумен Владимир Зеленский көш бастаған еді. 

 

stan.kz