Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстандық продюсер, әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев 1 шілдеден бастап креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
«Түркістан облысы әкімінің Дархан Сатыбалдының шешімімен Нұрлан Қоянбаев креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды», – делінген аймақ әкімдігінің хабарламасында.
Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996 жылдан 2000 жылға дейін ҚазҰУ тарих факультетінде оқыды. 2009-2011 жылдары қаржы және несие факультетінде экономика және құқық академиясында білім алды. 2012-2015 жылдары ҚазҰУ-да «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
фото: instagram.com/ koyanbayevnurlan