Белгілі продюсер, сценарист, актер Нұрлан Қоянбаев ұлын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды. Бұл туралы актер әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Құттықтауларыңыз үшін рахмет. Сіздерге де жұғысты болсын», — деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаевтың ұлды болғанын жазған болатынбыз. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып продюсер Алпамыс Шәрімов хабарлады.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.