Нұрлан Қоянбаев қыздарға өтірік айтатын жігіттерді ақтап шықты

0
29

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанда «My love is Aйсұлу» комедиясы түсірілді. Бақыттан басы айналған жастарды Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сағатова сомдаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Продюсер, актер Нұрлан Қоянбаевтың «My love is Aйсұлу» комедиясы үлкен экранға шықпай жатып, алматылық ғашықтарды бір шулатып алды.

Ғашықтардың ғажайып оқиғасы арқау болған су жаңа фильм 30 қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілмек, деп хабарлады КТК.

Бір-біріне құлай ғашық болған Санжар мен Айсұлудың оқиғасы. Ойда жоқта танысқан қыз бен жігіт бірден бір-біріне бауыр басып қалады. Бақыттан басы айналған жастарды Нұрлан Қоянбаев пен Әсел Сағатова сомдаған. Әдетте жұртты күлдіруден алдына жан салмайтын Қоянбаевқа қыздың жүрегін селк еткізетін сері жігіттің кейпіне ену қиынға соққан көрінеді.

«Менің ойымша, Нұрланға романтикалық кейіпкерді сомдаған аздап қиын болған сияқты. Бірақ мақсатын, тапсырмасын орындады. Жақсы ойнап шыққан сияқты. Нұрланның аты Нұрлан. Өзінің белгілі бір манерасы, ойыны бар», – дейді режиссер Дархан Сәркенов.

Әсел Сағатова фильмде Қоянбаевтың сүйіктісін ойнауға бірден келіскен. Кез келген фильмге түсе бермейтін актриса сценарийді бірден ұнатыпты. Бірақ басты кейіпкердің бір кемшілігі бар. Ол сүйіктісіне көп өтірік айтады. Дегенмен кейіпкерін ақтап алғысы келген Қоянбаев жігіттердің қыздарға неге өтірік айтатынын былай деп түсіндіруге тырысты.

«Сахнаны сыйласын»: Белгілі ғалым Қоянбаев пен Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды

«Біз, қазақ жігіттері қыздарға жақсы көрінгіміз келеді. Сондықтан «мен мынадай жерде жұмыс істеймін, мені астанаға жұмысқа шақырып жатыр» деп кейде қосып айтып қоямыз. Қызға ұнау үшін өзімізге басқа образ береміз. Алдау емес ол», – дейді актер.



sputniknews.kz