Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінде жаңа қызметке тағайындалды

0

Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Белгілі қазақстандық кино және теледидар продюсері Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры болып тағайындалды», — делінген телерадиокешенінің Telegram-арнасында.

Бұған дейін Нұрлан Қоянбаев «Қазақстан» телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда жобаларды ұйымдастыруға қатысып, «Түнгі студия» шоуының жүргізушісі болған еді.