Нұрлан Қоянбаев президент сайлауына түсе ме? Есен Елеукен жауап берді  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

 Есен Елеукен шоумен Нұрлан Қоянбаевтың президент сайлауына қатысатынын жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен продюсер, тележүргізуші және шоумен Нұрлан Қоянбаев сайлауға түседі деген ақпарат жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды Sputnік Қазақстан тілшісі.

Жалған ақпарат тарады

Осыған дейін әлеуметтік желіде «КВН одағы» Нұрлан Қоянбаевты президенттікке үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына ұсынғаны туралы хабар тараған.

«Бұл өтірік ақпарат. Мұндай ұсыныс бізге түскен жоқ», — деді Есен Елеукен.

Нұрлан Нұғманұлы Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде туған. Қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер. «Казахи» және «Астана.kz» КВН командаларының капитаны. Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телебағдарламасын жүргізді. «Бизнес по-казахски», «Бизнес по-казахски в Америке», «Каникулы в Таиланде», «Бизнес по-казахски в Африке» фильмдері мен «Үзілмес үміт» телехикасында басты рөлдерді сомдап, бас продюсер болған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Украина президенті сайлауының екінші туры өтіп, оған Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко мен шоумен Владимир Зеленский қатысты. Сайлау бюллетеньдерінің жартысы өңделіп, Зеленскийдің рекордық көрсеткішке қол жеткізгені белгілі болды. Ол сайлаушылардың 73% дауысына, Порошенко 24,66% дауысқа ие болған. Орталық сайлау комиссиясы Украина президентінің есімін 1 мамырдан кешіктірмей жариялауы тиіс.



sputniknews.kz