Нұрлан Нығматулиннің тапсырысымен түрмеге тоғытылған кәсіпкер 10 жылдан соң ақталды

0

Белгілі балқаштық кәсіпкер, 10 жыл жазасын өтеген Қуат Сұлтанбековты Жоғарғы сот ақтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сұлтанбековтың үш қылмыстық іс бойынша толықтай ақталғанын сәрсенбі күні адвокат ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында растады.
Осылайша, 2012 жылдан бастап қылмысы бойынша жазасын өтеген Сұлтанбеков жақын арада босатылуы тиіс.

«Облыстық сотта қабылданған шешім  Сұлтанбеков қамауда жатқан Астана қаласының тергеу изоляторына жеткен бойда ол дереу босатылады», — деді Джафарова.

Еске салайық, Сұлтанбековке 2012 жылы мамырда атыс қаруын заңсыз сатып алды, сақтады, тасымалдады деп айып тағалып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған болатын.  Алайда, ол тұрмеге тоғытылып, шешім шыққан соң, басқа да қылмыстық істері қарастырылып, нәтижесінде бірнеше үкімнен кейін бас бостандығынан айыру мерзімі 3,5 жылдан 21 жылға дейін өсті.  Бұл оған жабылған жала мен қастандық болуы әбден мүмкін екенін Сұлтанбековтың туыстары мәлімдеді. Олардың айтуынша, кәсіпкерді қылмыстық қудалауға ұшыратқан мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан болған.