Нұрлан Нығматулин сенат пен мәжілістің бірлескен отырысын шақырды

0
35

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Өткен жолы парламенттің бірлеске отырысы 20 маусымда болған еді, енді алдағы жұма 28 маусымда өтпек

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы 28 маусымда өтеді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тиісті өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – делінген мәжілістің сайтында жарияланған өкімде.

Бұдан бұрын сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы 20 маусымда болған еді. Күн тәртібінде екі мәселе болды – елдегі конституциялық заңның сақталуы және 2018 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі.

Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мәлімдегендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы заңнаманы қайта қарап, адамның ар-намысына қол сұқпау және жекеменшік құқығы кепілдігін нығайту қажет.

Тағы оқыңыз: Президент сайлауы – 2019 туралы толық ақпарат

Сонымен бірге Мәми мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі және кезектен тыс президент сайлауы Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте өткенін айтты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысына ие болып, жеңіске жетті.



sputniknews.kz