«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі бес әйелі бар екенін жайып салды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі Нұрлан Әміров бүгінде бес әйелі бар екенін айтып қойды. Оның ең кіші әйелі өзінен 20 жас жас кіші екен.

«Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі бес әйелі бар екенін жайып салды

Бұл туралы әнші «Жетінші арнаның» «Өз ойым» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрлан Әміровтың айтуынша, бүгінде оның 5 әйелінен 6 баласы бар.

«Менің бес әйелім бар. Бір-бірімен араласады. Бірін-бірі біледі. Кішілері, тұрмысқа шығам дегендері шығып кетіп жатыр. Бірінші әйелім тұрмысқа кетті. Жібердім. Бір баламыз бар. Ол қазір келініммен бірге менің қолымда. Екіншісі де тұрмысқа кетті. Бір қызымыз бар. Үшіншісі менде. Төртіншісі де тұрмысқа кетті. Бесіншімен біргеміз», — дейді әнші.

Нұрлан Әміров тек үшінші әйелімен заңды некеге тұрғанын айтты. Ал ең кіші әйелі өзінен 20 жас кіші екен. Өз сөзінде ол әйелдерінің барлығын жақсы көргенін жасырмады. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

 


 

stan.kz