Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды
Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп жазады Kznews.kz Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеде Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында жалған құжат арқылы Ресеймен мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.
Бұған дейін Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция басшысы болып тұрған кезде сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыпты деп танылып, тағы бір іс бойынша айыппұл төлеуге міндеттелген болатын.
фото: ғаламтордан