Нұрлан имам әйелімен бірге көзге түсіп, елді сүйсінтті
Жастар арасына кеңінен танылған имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-тағы қазақ жастарымен жолықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Имам 4 баламен АҚШ-қа қоныс аударған “Жаным баклажаным” лақап атымен танылған блогер Айдын Тоқсанбаеваның шаңырағында қонақ болды.
“Нұрлан аға, рақмет сізге! Әйеліңіз де керемет жан екен. Дәулет Мұқаев – танысуымызға себепкер болған жан. Жұлдыз Исмаил ерекше кеш ұйымдастырып, АҚШ қазақтарын қуанта беріңіз. 4 ұлыма дем салдырып, батасын алдық. Басты ниет сол еді”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушыларының сөзіне сенсек, имам іссапардан әлі қайтпаған көрінеді. Оқырман назарын ерекше аударған имамның әйелі – Алтынай ханым. Имамның жары көпшілікке көріне бермейтін.
“Нұрлан имам шаңырағыңа келген қандай бақытты жансың”, “Ауыздарының суы құрып тыңдайтын имамның әйелі де арабша оранып алыпты”, “Ұстаның әйелі өзіне лайық болады деген рас екен”, “Алтынай ханым өте керемет жан. Ол кісіні жақсы танимын. Дінімізге сай киінген” деп жазып жатыр оқырман қауым.