Нұркен Әбдіров туралы фильм қалай түсірілді

0

«Нүркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі» деректі фильмінің онлайн-премьерасы қарсаңында режиссер Алексей Каменский Sputnik Қазақстан-ға түсірілімнің қалай өткенін және аты аңызға айналған ұшқыш туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik, Айжан Нұрғазинова. Нұркен Әбдіровтің жүріп өткен жолы отандастарымызға кеңінен таныс. Қарағанды ​​облысының тумасы жауынгерлік тапсырманы орындау барысында 1942 жылы желтоқсанда қайтыс болды. Ержүрек ұшқыш өзінің апатқа ұшыраған ұшағын жау техникасының колоннасына бағыттау арқылы ерліктің үлгісін көрсетті. Бұл үшін Нүркен Әбдіровке Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Ең алдымен, түсірілім тобы «Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі» атты толыққанды бір сағаттық фильм түсіру үшін батыр туралы сенімді және ерекше мәліметтер жинауға кіріскен. Осы жылдар ішінде ол туралы көп жазылып, көп айтылды. Бірақ, режиссер Алексей Каменский кішкентай Нүркен туралы жаңа ақпарат болуы мүмкін емес деп алаңдады. Сондықтан да фильмнің соңғы сценарийі барлық түсірілім аяқталғаннан кейін, ол көрген және естіген сөздерге негізделіп жазылды.

«Шынымды айтсам, біз мол материал жинақтай аламыз деп ойламадық. Бірақ соңында керісінше болды, тіпті оны қысқартуға тура келді», – дейді Каменский.

Уақыттың көп бөлігі қазақстандық және ресейлік мұрағаттарда сақталған құжаттарды, бұйрықтарды зерделеу мен тексеруге жұмсалды. Қазақстанның орталық мемлекеттік мұрағатында жауынгердің 40 майдан хаты табылды. Сондай-ақ, топ Қарағанды ​​облысының мемлекеттік мұрағатында жұмыс істеді, онда оларға Нүркен Әбдіровтің жеке ісі берілген.

Сценарий үшін көптеген пайдалы ақпараттар Волгоградтағы «Сталинград шайқасы» тарихи-мемориалды мұражай-қорының қызметкерлерінен, Ростов облысының Шолохов және Боков ауданынан және Нұркен қайтыс болған жерден табылған. Сондай-ақ, түсірілім тобы әйгілі Мамаев қорғанымен бірге жұмыс істеген.

Майданнан жеткен Нүркеннің хаттары

Сценарий солдаттың соңғы хаттарына негізделген – астарынан эмоционалды қанық бояу мен уақытпен үндескен драма сезіледі. Режиссердің айтуынша, Нұркеннің хаттарын көріп сауатты және дарынды жас жазғанын байқауға болады.


©
Photo : из архива Алексея Каменского

Афиша фильма «Нуркен Абдиров. Самый младший из моих сыновей»

Сондай-ақ, фильм ана махаббатының тақырыбын ашады. Нүркеннің анасы Бағжан майданда тағы бір ұлынан айырылған. Садырбектің тағдыры әлі белгісіз, 1944 жылдан бері ол хабар-ошарсыз кеткен. Бұл қайғы-қасірет ана жүрегін жегідей жейді. Ол Ростов облысында Нұркеннің қайтыс болған жерінде еске алуға тағзым ету үшін бірнеше рет барған.

«Менің ойымша, ол сол жерде өте әсерлі ым жасады. Бағжан Нұркеннің майдандас досы, атқыш Александр Комиссаров өз командирін шайқаста тастап кетпеген ерлігі ұмыт қалды деп алаңдады. Кейіннен жазушы Михаил Шолоховпен кездесуде (1960 жыл) әділдіктің орнауын сұрайды. Сөйтіп, бір жылдан кейін, яғни соғыстан 20 жыл өткен соң, Шолоховтың өтініші бойынша Александр Комиссаров Отан соғысы орденімен марапатталды. Біз оның кейіпкерлерінен соғыс кезінде ұлдарынан айрылған барлық аналардың бейнесін көрдік», – деді Каменский.

Түсірілім қалай өтті

«Нүркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі» – көркем фильмнің элементтері бар деректі фильм. Нүркен рөліне кәсіби актер емес, студент, болашақ жылу энергетигі Махаббат Түсіпбеков лайық деп танылды. Актер де кейіпкер сияқты 23 жаста. Махаббаттың өзі Нұркеннің хаттарын дауыстайды.

Фильмде 1938-1939 жылдардың үлгісіндегі Қарағанды ​​әуе жасағының жаттығу сыныбы қайта жасалды. Сондай-ақ, актердің өзі әуе көріністеріне түскен.

Түсірілім Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды ​​облысында, Ресейдің Волгоград және Ростов облысында өтті.

Нұркеннің ерліктерінен шабыттанып, әсер алған адамдардың бірі – даңқты ғарышкер Тоқтар Әубәкіров еді. Ол да Қарағанды ​​облысында туып-өскен, Нұркеннің ерлігі оның көкте самғауды армандауына әсер еткен. Бұл жерлесіміз үшін зор мақтаныш және бейбіт өмір үшін батырларға деген алғыс сезімі.

«Сұхбатында ол «Отан» деген сөз – «Ана» ұғымымен ажырамайтынын айтты. Сондықтан да біздің фильмдегі ана махаббаты тамаша көрінді», – деп атап өтті режиссер.

Нұркен Әбдіров туралы алғашқы «Пике в бессмертие» фильмі 1969 жылы жарыққа шықты және ол ұшқыштың 50 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Ал «Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі» фильмі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді. Бұл деректі фильм бөлімінің жетекшісі Әсет Ерназаровтың бастамасымен 2019 жылы – алғашқы фильмнен 50 жыл өткен соң және Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығына орай экранға жол тартқан туынды.

Sputnik Қазақстан веб-сайтында және Sputnik Қазақстан YouTube арнасында «Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі» фильмінің онлайн премьерасын жіберіп алмаңыз. Тамашалау үшін 8 мамыр күні сағат 15:00-ден 9 мамыр күнгі 15:00 дейін аралықта қолжетімді болады.

Айта кетейік, фильмнің халықаралық кинофестивальге қатысуына байланысты шектеу енгізілген.



sputniknews.kz