Нұрхат ОРАШ: Оралда тасқыннан қорғайтын бөгет құруға шақырамыз

0

Күн жылып, қар суы ерігеннен еліміздің батыс және солтүстік өңірлерін су алып, елдегі ахуал күрт өзгерді. Мыңдаған тұрғындар үйін тастап, қауіпсіз жерге эвакуациялануда. Қазіргі таңда арнайы штабтар құрылып, суға кеткен аймақтарға гуманитарлық көмек пен жұмыс күші жіберілді, — деді Нұрхат Ораш youtube арнасына берген сұхбатта.

Ел басына күн туған сәтте «Дала қырандары» жастар қоғамдық ұйымы да қолдан келгенше көмек қолын созуда. Ең алдымен Астана маңында орналасқан ауылдарды топас су басып қалуды алдын алу мақсатында арнайы жұмыстар жүргізген. Ұйым мүшелері алдымен қарттар мен еңбекке жарамды ер адамы жоқ үйлердің ауласында үйілген қарларды тазалаған. Соның арқасында су тасқыны бірнеше үйді айналып өткен.  

Алдағы уақытта Орал қаласын су толығымен басып қалу қаупі бар.  Сондықтан аталған ұйым мүшелері қол қусырып қарап отырмай апатты аймақтарға барып көмектесуді жоспарлап отыр.

Су басқан өңірлерге түрлі гумантитарлық көмектер көрсетіліп жатыр. Алайда «Дала қырандары» ұйымының үйлестірушісі Нұрхат Ораш азық-түліктің қажеттілігі аз екендігін айтып, апатты аймақтарға нақты керек жарақтарды атады. Олар:

1. Үрмелі қайық;
2. Резеңке етік;
3. Дәрі-дәрмек;
4. Құтқару жилеті;
5. Алысқа түсетін жарықшам;
6. Полителенді пакет;

Қазіргі таңда «Дала қырандары» ұйымы аранайы штаб құрып, өз еркімен апатты аймақтарда бөгет құруға көмектескісі келетін жандарды жинауда. Су тасқыны кезінде қалай жүріп-тұру керектігін, қандай қимылдар жасап жасауға болмайтындығын түсіндіру мақсатында алдымен төтеншеліктер оқыту жұмыстарын жүргізеді. Одан кейін ғана көмекке келген азаматтар апатты аймаққа аттанады. Жұмыс күші жеткіліксіз болғандықтан ұйым мүшелері барша қазақстандықтарды бейқам қарамай көмек қолын созуға шақырады.

Аталмыш ұйым жас спортшыларды тәрбиелеп, зиянды заттармен күресуді белсенді түрде жүргізіп келеді. Түрлі мониторингтардың арқасында заңсыз уақытта ішімдік сатуға тосқауыл болып, тек заңды әрекет етуге үндеуде. Жастар еліміздің болашағы. Болашақ құру бүгіннен басталады. Сол себепті ұйым басшылары өзгеге үлгі болу арқылы жастарды тәрбиелеуді мақсат еткен.