Нұрғиса Тілендиеваның қызы сұлулығы және өнерімен халықты тәнті етті

Tik Tok желісінде Дінзухра Тілендиеваның оркестрге дирижерлік етіп жатқан сәтінен үзінді видео тарады. Ал, желі қолданушылары оның тектілігі мен сұлулығына тәнті болып, түрлі пікірлер жазуда.
Бүгін де ол «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі.
«Не деген сұлу», «Атына заты сай ханшайым», «Тектінің тұяғы», «Шығармашылық табыс тілеймін, керемет», «Әкесінің оркестрін алға сүйреп жүр, жарайсың», «Қателеспесем Дінзухраның қызы да музыкаға жақын, тектілік деген осы», «Нұрғиса атамызға ұқсайды екен, өте сұлу», — деп жазды олар.