Нұрғали Нүсіпжановтың жас әйелі тағы бір қырымен танылды – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Журналист ретінде танылған Жадыра Сейдеш халық әртісінің концертін жүргізді  

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов «Жаркент-Арасан» шипажайында ойламаған жерден концерт берді. Көңілді кешті әншінің әйелі жүргізген.

Шипажайдың Youtube-тегі каналында концерттен үзінді жарияланды.  

«Армысыздар, ардақты ағайын! Курортта концерт береміз деп жоспарлаған жоқпыз. Әсіресе менің жүргізуім аяқ астынан болып тұр. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Алып жатқан емдеріңіз күш-қуат беріп, Алла туған жерлеріңізге аман-есен баруды жазсын.

Қасиетті жер жәннаты Жетісуға Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов алғаш рет келіп отырған жоқ. Осы өңірден түлеп ұшты. Сондықтан жерлестеріңізді шақыруға рұқсат етіңіздер», — дейді Жадыра Сейдеш.

Сахна төріне шыққан әртіс: «Мақтауымды жеткізген секілді. Сіздерге сәлем беріп, кете берсем де болады-ау деймін», — деп қалжыңдайды.

Айта кетейік, өткен айдың соңында 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың 37 жастағы Жадыра Сейдешке үйленгені белгілі болды. Үйлену тойына әртістің ең жақын достары қатысқан.

Тағы оқыңыз: Нұрғали Нүсіпжанов болашақ жарымен бес жыл бұрын не туралы сөйлесті – видео

Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. Ұлттық арна, Қазақ радиосы, КТК арнасында көп жыл журналист болып істеген. Ол тележүргізуші ретінде халыққа танылды. 2015 жылы «Жүрекжарды» авторлық бағдарламасы үшін «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінен Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзада атты бес баласы бар.



sputniknews.kz