Нұрділдә Ораз журналисті соққыға жығу оқиғасын растады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Нұрділдә Ораз журналистерден құқықбұзушылықтар кезінде алыстан ақпарат таратуды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрілігі митинг кезінде журналисті соққыға жығу оқиғасын жан-жақты тексеріп шығуға мүдделі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз аталған факттің болғанын растап отыр.

”Бұл факт болды. Әрине, біз оны ақтай алмаймыз. Осы мәселе бойынша барлық тексеру амалдарын жүргіземіз. Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады”, — деді Ораз журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, митинг кезінде журналистің үстінде арнайы атрибутика болмаған.

”Біз алдында да ескерткен болатынбыз, кез келген журналистің өзінің журналист екенін анықтайтын атрибутикалары болса, бізге оңай болар еді. Өздеріңіз білесіздер, оның арнайы жилеті де болған жоқ. Осыған байланысты біз осындай шеру мен құқықбұзушылықтар кезінде журналистерге өте жақын бармай, алыстан ақпарат таратуды өтінеміз”, — деп атап көрсетті Ораз.

Тағы оқыңыз: ІІМ митинг кезінде ұсталғандардың нақты санын жариялады

Еске сала кетсек, кеше, 10 маусым күні баспасөз мәслихаты кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге шыққандармен диалог орнатуға дайын екенін айтқан болатын.

«Иә, шынымен, Алматы мен елордада бір топ азамат наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан қарасақ, бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, аталған әрекеттер заңсыз деп саралануы мүмкін. Елімізде бостандық бар ма дегенге тоқталсам, Қазақстанда бостандық бар», -деді Тоқаев.

Ол наразылық шерулері кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерін әдейі арандатқаннан кейін, олардың тарапынан қажетті шаралар қабылданған.



sputniknews.kz