Нұрболат Абдуллин клипіне «мықырайған» қыздарды түсірмейтінін айтты — новости Казахстана

0

Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин өзінің клиптеріне «мықырайған» қыздардың түспейтінін айтты. Бұл туралы әнші ХитТВ арнасына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазіргі уақытта сахна серісіне айналған әншіге халық тарапынан сұраныс көп.

Той мен концерттерден бөлек, шетелдерде клип түсіріп жүрген Нұрболат көңілінің тоқ екенін айтады.

Абдуллин биылғы жылы 15 қалаға ән сапармен барып, жазған 10 әнінің алтауына бейнебаянын түсіріп үлгеріпті.

«Халықтың сұрауымен барған жерімізге тағы да барғалы жатырмыз. Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларына барамзыз. 20 желтоқсанға дейін тағы бір концерт қоямыз», -деді әнші.

Соңғы кездері жұрттың назарында жүрген эстрада жұлдызы бейнебаян түсіруге де ерекше көңіл бөледі екен.

Ол клиптерін соңғы шыққан камералармен түсіретінін, алайда оның сапалы әрі өтімді шығуы режиссерге тікелей байланысты екенін де жеткізіпті.

«Қай мемлекетте түсіргім келсе, сол мемлекетке баруға тырысамын. Мысалы Түркия елін жоспарладық, сонда бардық. Артық шығындарды қоспағанда бір бейнебаян кем дегенде 10 мың АҚШ доллары кетеді» , -деді ол.

Сондай-ақ, Нұрболат өз туындыларына түсетін арулардың бойына ерекше мән беретінін де жасырмады.

«Менің клипіме «мықырайған» қыз түскен емес. «Мықырайған демей-ақ қояйын, бойы кішкентай қыздарға ұят болып қалар. «Мықырайған» деп батысша айтып жатырмын ғой, бойы қатты кішкентай қыз түспейді.

Менің бойым 1.87, менімен шамалас, бойы 1.75 сантиметрден жоғары қыздар түседі. Десе де режиссерларға байланысты ғой», — деді ол.

Одан бөлек, Нұрболат Абдуллин өз бейнебаянын сынағандарға жауап берді.

«Қалай ерінге тиісуге болады? Ерін деген көп қой қазір. Одан да зоры бар. Шетелдің клиптерін ұялмай-ақ көреді ғой. Шетелдің бейнебаяндары біздің шекарамыздан Қазақстанға кірмесе онда мен үндемес едім. Бізге дейін кіріп қойды. Мен ондай клиптерді 10 жасымда-ақ Қазақстаннан көргенмін», — деді өкпелі әнші.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар