Нұр-Сұлтанның қақ ортасында асфальт опырылып түсті – фот

0

«Астана су арнасы» МКК қауіпті учаскеде жөндеу жұмыстарын бастады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Елордада Мәңгілік ел даңғылындағы 39 үйдің алдында асфальт опырылып түсті.

Белгілі болғандай, кәріз құдығының айналасындағы диаметрі төрт метрге жуық асфальт опырылып түскен.

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қауіпті учаскеде жөндеу жұмыстарын бастады.


©
Photo : Пресс-служба акимата Нур-Султана

Мәңгілік ел даңғылында асфальт опырылып түсті

«31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні кәріз құдығы ауыстырылып, жол жабыны жөнделеді. Асфальттың опырылуына кәріз құдығының шайылуы себеп болған», — деп хабарлады астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қалалық әкімшілік жөндеу жұмыстары кезнде Мәңгілік ел даңғылында көлік қозғалысы шектелмейтінін атап өтті.



sputniknews.kz