Нұр-Сұлтанның аспанын қара түтін басты – өрттің видеосы

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер аттанды, деп хабарлады елорданың ТЖ департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанның астанасында элиталы ауданды қою түтін басып қалды. Нұр-Сұлтандағы «Британ орамы» тұрғын үй кешені жанып жатыр.

Қара түтін астаналықтарға алыстан көрінді.

«Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер аттанды», — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.  

Куәгерлер өрт болған аумақта автокөлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

«Өрт 5 немесе 6 кіреберіс аумағынан шықты. Онда бүгін шатырды жөндеген. Қазір оқиға орнында көптеген өрт сөндіру көлігі тұр», — деді Sputnik Қазақстанға өрт куәгері.  



sputniknews.kz