Нұр-Сұлтанның «Алматы» ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
26

Ауданның жаңа әкімі 37 жаста, бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеген. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполовтың кенже баласы

АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. 37 жастағы Бектенбай Есполов Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қызметке тағайындау Қазақстан президенті әкімшілігімен және елорда мәслихаты депутаттарымен келісілді»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті 

Бектенбай Есполов бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі он жылдан асады.

«Бектенбай Есполов – меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан Қазақстан президенті протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман», – деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Бектенбай Есполов – Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовтың төртінші баласы.

Тілектес Есполов – ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. 2005 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

Бұған дейін «Алматы» ауданының әкімі қызметін Әділбек Сәрсембаев атқарды. Ол «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды.



sputniknews.kz