Нұр-Сұлтаннан ұшқан ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды

0

Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы жедел түрде Алматыға қонды.

«Алматы» телеарнасына әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшақ ауа райының қолайсыздығы салдарынан шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.

«2021 жылдың 19 ақпанында таңғы сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы 7325 борты ауа райына байланысты Алматының Халықаралық әуеужайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10: 45-ке ауыстырылды», — дейді баспасөз қызметі.

Одан бөлек, баспасөз қызметіндегілер ұшақтың сәтті қонғанын алға тартты. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген. Ал телеарнаға сұхбат берген жолаушылардың айтуынша, лайнер Алматыға үшінші ретінде ғана қона алған.