Нұр-Сұлтанға миллионнан астам бетперде әкелінеді

0

Антисептиктерге де тапсырыс берілген, олар осы аптада жеткізіледі. Алтай Көлгінов астанаға кеше 400 мыңға жуық маска жеткізілгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Елордаға 400 мыңға жуық бетперде жеткізілді. Алдағы уақытта тағы бір миллионнан аса маска әкелінеді. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қала әкімдігі елордалықтарды медициналық бетпердемен қамтамасыз ету үшін «СК Фармация» компаниясымен жұмыс істеген. 

«Күні кеше 400 мыңға жуық маска алып келдік. Алдағы уақытта тағы бір миллионнан астам бетпердеге тапсырыс бердік», деді Көлгінов астанада өткен онлайн брифингте. 

Сонымен қатар, антисептиктерге де тапсырыс берілген, олар осы аптада жеткізіледі.

Тағы оқыңыз: Елорда әкімі: карантин — коменданттық сағат емес

Еске сала кетсек, 19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылатыны хабарланды. 

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті. Нұр-Сұлтанда — 17 адам, Алматы қаласында — 15 адам.



sputniknews.kz