Нұр-Сұлтанға бір миллион маска жеткізіледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі елордаға бір миллионнан астам медициналық маска жеткізілетінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

маска

«Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік бар. Бұл қазіргі айлық норманы толықтай жабады. Айлық норма — 38 мың тонна. Ол қоймаларды азық-түлік тауарларымен қосымша толықтырамыз. Кеше елордаға 400 мыңға жуық маска жеткізілді. Алдағы уақытта тағы 1 млн маскаға, антисептиктерге тапсырыс берілді. Қажет болған жағдайда апта ішінде жеткізіледі», — деді Көлгінов.

Сондай-ақ ол қаладағы зарарсыздандыру жұмыстары жіті қадағаланатынын айтып кетті. 

«Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режіміне ауыстырылды және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді», — деді елорда әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Көлгінов «Карантин коменданттық сағат емес» деп кесіп айтқан еді.

stan.kz