Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

0

Нұр-Сұлтан ПД Шұбардағы дәмханада газдың жарылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында болады», — делінген хабарламада.

Оқиғаға кінәлілер анықталған кезде олар екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада елорданың сол жағалауындағы дәмханада газ баллоны жарылды. Оқыс оқиғадан 1 адам қайтыс болып, жиырмадан астам адам жарақат алды. Өрт 20 шаршы метр жерді шарпыған.