Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Көз жұмған әйелдің отбасына 1 млн теңге берілетін болды

0
113

Нұр-Сұлтан әкімдігі Halal brothers дәмханасындағы жарылыста көз жұмған әйелдің отбасына 1 млн теңге төленетінін, мәйітін Қызылордаға жеткізіп беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Жарылыс кезінде зиян шеккендердің бірінің әйелі оқиғаның мән-жайын бөлісті.

«Барлығы да баллон жарылғанын білгенде көшеге қарай жүгірген. Сол сәтте, менің білуімше, марқұм әйел қоймаға кірмек болған. Алайда ол үлгермей қалды. Ал күйеуім осы жағдайдан кейін мүгедек болып қала жаздады. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр екенін айтты. Олар мұның басқаларға қарағанда қалыпты жағдай екенін айтты», — дейді әйел.

Белгілі болғандай полиция басқармасы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау» бабы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кінәлі азамат анықталған жағдайда 7 жылға бас бостандығынан айырылады.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы жағдай 21 қараша күні болды. Бір адам көз жұмып, 33 адамға жедел көмек көрсетілді. Жарылыс салдарынан дәмхана маңында тұрған 3 көлікке зиян келді.