Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккен 27 адамның жағдайы қалай

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Зардап шеккен жолаушылар қалалық ауруханаға жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Елордада болған жантүршігерлік жол апатынан 27 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Эльвира Жүргенбаеваның сөзіне сүйенсек, зардап шеккен 25 жолаушы ауруханаға жеткізілді.


©
Sputnik / Ксения Воронина

Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында болған апат салдары

«Жол апатынан 27 жолаушы зардап шегіп, 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы қаза тапты. 25 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 4 жолаушының жағдайы ауыр, 3 адамға операция жасалып жатыр. Ал 3 науқас ауруханадағы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында», — деді ол.


©
Sputnik / Ксения Воронина

Зардап шеккен 25 адам ауруханаға жеткізілді

Сонымен қатар, Жүргенбаева хабарлағандай, зардап шеккен фельдшер қалалық №1 ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне жатқызылған екен. Тағы бір зардап шеккен фельдшер амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ол тізесінен жарақат алған, жағдайы қанағаттанарлық.


©
Sputnik / Ксения Воронина

Оқиға орнында полиция мән-жайды анықтап жатыр

Еске сала кетсек, бүгін таңертең 9.40 кезінде Нұр-Сұлтан қаласында үш автобус жантүршігерлік жол апатына түсті. Әуелі қала сыртына қатынайтын №303 автобус №12 бағдарлы автобуспен соқтығысып, содан соң №53 автобус пен жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшыраған. Полиция жол апатының қалай болғаны анықтап жатыр.



sputniknews.kz