Нұр-Сұлтандағы Украина елшілігінде азаматтар дауыс беріп жатыр

0

Бүгін, 31 наурыз Украинада президент сайлауы басталады. Астанадағы Украина елшілігіндегі сайлау учаскесі таңғы сағат 8-де ашылды. Сайлау учаскесі өкілдерінің айтуынша, шамамен екі сағатта 30 шақты адам дауыс берген.

Украинадағы президент сайлауына түсетін жалпы кандидаттар саны – 39. Олардың арасында шоумен Владимир Зеленский, қазіргі президент Петр Порошенко мен оппозициялық «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко бар. Әлеуметтік зерттеу қорытындысы негізгі тартыс осы үш кандидат арасында болатынын көрсеткен.

Azattyq