Нұр-Сұлтандағы қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды

0

Бүгін елордада кәріз құдығында төрт адам метаннан уланып көз жұмды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында «Астана Су Арнасы» МКК төрт қызметкерінің қаза табуына байланысты арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Комиссия қайғылы жағдайды тергеп, себебін анықтаумен айналысады. Оны Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Комиссия құрамына қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдері кірді.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

Елордада кәріз құдығында төрт адам метаннан уланып қалды

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада кәріз құдығында төрт адам метаннан уланып көз жұмды. Зардап шеккендердің барлығы «Астана Су Арнасының» қызметкері.

Жұмысшылар жұмыс істемей тұрған сорғы станциясына демонтаж жасамақ болған, сол кезде олардың бірі есінен танып, резервуарға құлап кетіпті. Екіншісі шығарып алмақ болып, төменге сатымен түскен, ол да есін жоғалтқан соң, үшіншісі мен төртіншісі көмекке ұмтылған.

Жоғарыда автокөлік жүргізушісі мен сантехниктердің бірі қалған. Олар жедел жәрдемге қоңырау шалып, болған жайды төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаған.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз