Нұр-Сұлтандағы қайғылы оқиға салдарынан бір адам қаза болды

0
166

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

38 0 0

Өрт сөндірушілер жиырма адамды отқа оранған ғимараттан алып шықты. Алайда бір адамның өірін сақтап қалу мүмкін болмады

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Елордадағы бесқабатты үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды, оның тоғызы – бала, деп хабарлады төтенше жағдайлар қалалық департаменті.

«Сағат 14.14-те «101» пультіне Күйші Дина, 39/1 мекен-жайындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарланды. 7 минуттан соң оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті», – деді департаменттегілер.


©
Photo : ДЧС Нур-Султана

Өрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды

Бір адам қаза болды. Алын ала мәліметке сәйкес, 12 адам зардап шеккен. Оның жартысы – бала. Бәрі ауруханаға жеткізілді.

Мамандар жиырма адамды құтқарды. Олардың жартысына жуығы бала. Өкінішке қарай, пәтерлердің бірінде өрт сөндірушілер 1987 жылы туған әйелдің денесін тапты.



sputniknews.kz