Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірі жартылай жабылады

0

Тұрғындарға жолдағы кептелістің алдын алу үшін бағытты алдын ала жоспарлау керектігі ескертіліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. АстанадағыДостық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Достық көшесінде (Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде) көше-жол желісін орташа жөндеу аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарланған», – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Тұрғындарға жолдағы кептелістің алдын алу үшін бағытты алдын ала жоспарлау керектігі ескертіліп отыр.

Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол).

Тағы оқыңыз: «Соғыстан кейінгі жол сияқты»: белсенді Қостанай көшелері туралы көркем фильм түсірді

Барлық жұмыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асады. Бұл бағдарлама бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.



sputniknews.kz