Нұр-Сұлтандағы оқыс оқиғадан кейін Көлгінов мәлімдеме жасады

0

Елорданың сол жағалауында «Астана-Опера» театрының жанында құрылыс краны құлаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанында кран құлауына байланысты елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеме жасады.

«Елордада жылдың қай мезгілінде болмасын құрылыс қарқынды жүріп жатады. Қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігін ұмытпау керек. Қалада салынып жатқан нысандардың бірінде кран құлады, абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Құзырлы органдарға қауіпсіздік ережелерін қатаңдатуды тапсырдым», — деп жазды Көлгінов Твиттердегі парақшасында.

​Айта кетсек, астанада кеше таңғы сағат 09.24-те «Сенсата Парк» тұрғын үй кешенінде жүк көтеріп жатқан кран құлаған. Құрылыс нысанын «Sensata Construction» кәсіпорны салып жатыр.

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кранда отырған адам ішінен шығып үлгеріпті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда 32-ші қабаттан салбырап тұрған қыз жұртты шошытты — фото

Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Тұран даңғылында «Астана Опера» театры мен «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығының арасында орналасқан.



sputniknews.kz