Нұр-Сұлтандағы митингке жүз шақты адам қатысып жатыр

0
73

29 маусымда таңертеңгі сағат 11 шамасында Нұр-Сұлтандағы «Жерұйық» саябағында «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай ұйымдастырған митинг басталды. Оған шамамен жүз шақты адам қатысып жатыр.

Азатттықтың тікелей эфирін көріңіз:

Митингте түрлі мәселелер оның ішінде Арыс оқиғасы, мемлекеттік тілдің ахуалы, елдегі партиялар жүйесі сияқты мәселелер айтылған. Шараны ұйымдастырушылар сөйлеген азаматтардың дәл уақытында сөзін аяқтауын қадағалап отырды.

Шара басталғаннан кейін шамамен 40 минут өткен соң жиналғандардың бір бөлігі «Болатбек!» деп айғайлап, сол маңда жүрген белсенді Болатбек Біләловтің сөйлеуін талап етті. Сәлден соң мінберге шыққан Біләлов Арыстан жаңа келгенін, шараға дайындалып үлгермегенін айтты.

«19 наурызға дейін біз «Шал кет!» деп айғайлап жүрген едік, енді «Шалдар кетіңдер!» деп айғайлаймыз» деп сөзін аяқтады. Бұдан соң шулап кеткен жиналғандарға шараны ұйымдастырушы Азаматхан Әміртай «Болды! Болды! Жауапкершілік менің мойнымда» деп көпті тыныштандыруға тырысты. Қазір шара жалғасып жатыр.

Дәл осы күні Алматыда да «рұқсат етілген» митинг өтті.

Azattyq