Нұр-Сұлтандағы мейрамхананың бас аспазы 10 жыл бойы іздеудегі кісі өлтіруші болып шықты
Елорда полициясы он жыл бойы халықаралық іздеуде болған бір ресейлікті ұстады, деп хабарлайды KzNews Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
33 жастағы Ресей азаматы 2011 жылы Санкт-Петербор қаласында біреуге ауыр жарақат салып, салдарынан сол адам көз жұмған.
Қылмыстық қудалаудан қашып жүрген ер адам 10 жыл бойы іздеуде болды. О л соңғы жылдары Қазақстанда тұрып, ж алған құжат алып, бөтен есіммен өмір сүрген. Отбасын құрып, елорда мейрамханаларының бірінде шеф аспаз болып қызмет еткен.
Ұстау кезінде ер адам өзінің аты-жөнін жасыруға тырысты. Алайда полиция оның саусақ іздерін салыстырып, оның күдікті екенін растады. Ол РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлімі бойынша адам өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын жасады айыпталып отыр. Оған іздестіруді Санкт-Петербор қаласының ішкі істер басқармасы жариялаған.
Қазіргі кезде ер адам елорда полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.