Нұр-Сұлтандағы карантин: санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

0
105
Фото: tengrinews.kz
Advertisement

Нұр-Сұлтандағы карантин туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның жаңа жарлығы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Нұр-Сұлтанда ойын-сауық, спорттық және басқа бұқаралық іс-шараларға тыйым салу күшінде қалады. Сондай-ақ, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, жерлеу рәсімдерін үйде өткізуге болмайды. Сондай-ақ, 3 адамнан аспайтын топтарды немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративті, топтық саяхаттарға және қаланың көрікті жерлеріне баруға тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу қойылады.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Карантин талаптарын толығырақ мына жерден оқыңыз.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз