Нұр-Сұлтандағы хэллоуин тойлап жатқан мектеп қазақстандықтарды шошытты
Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде хэллоуин тойланып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына журналист Ришат Асқарбекұлы жазды.
«Баланы мектепке жібере алмай қиналып жүрміз. Еліміздің қақ төріндегі мектептердің бірінде Хеллоуинді дүркіретіп тойлапты. Білім ошағындағы мұндай жын-ойнақты тоқтату керек» дейді журналист.
«Пандемияда қазақ той жасаса, өкіртіп тұрып айыппұл салынады. Меніңше бұл да назар аударатын жағдай» деп дабыл қақты Р.Асқарбекұлы.
Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі бұл туралы: «Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында «Хэллуинге» қатысты шаралар өткізілмегендігін хабарлаймыз. Басқарма тарапынан жоғарыда аталып өткен шараларды өткізуге тиым салынған, осы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде» деп жалпылама жауап берді.
Айта кетейік, 2010 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты Құрманғали Уәли Хэллоуиннің жастарға кері әсері болатынын, Ислам дінінің қағидаларына қайшы келетінін, қазақ топырағында бұл мейрамды тойлауға еш негіз жоқ екенін айтып «мемелекет тарапынан тыйым керек» деген мәселені көтерген.
Бірақ осы кезге дейін мемлекет тарапынан қандай да бір шешім қабылданған жоқ. Тойлаған ел, әлі сол қалпы тойлап жүр. Ал көрші Ресей, Малайзия мемлекеттерінің Хэллоуинге заң жүзінде тыйым салғаны белгілі.