Нұр-Сұлтандағы елшіден коронавирус табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырудың соңғы екі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Олардың бірі — дипломат. 1976 жылы туған, ол бүгін кешкісін Лондоннан бізге ұшып келді. Екіншісі — 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де ауруханада, олардың денсаулығы қанағаттанарлық», — деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип. 

Инфекцияның таралуының 31 жағдайы Нұр-Сұлтанда, Алматыда — 22 жағдай, Алматы облысында — 1, Қарағандыда — 2 жағдай. Қазіргі уақытта Қазақстанда 56 жағдай тіркелген.

stan.kz