Нұр-Сұлтандағы бес жұлдызды қонақ үйді карантин үшін берді — Қазақстан жаңалықтары

0

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Facebook-тегі парақшасында Нұр-Сұлтандағы бес жұлдызды Hilton Astana отелін карантин үшін қолдану туралы ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жағдайдың ауырлығын сезіне отырып, біз Hilton отелімізді карантинге жатқызуға және ауруханаға жатқызуға шешім қабылдадық. Команда дайындалып жатыр, келген дәрігерлер тобымен және әкімдік штабымен жұмыс істеуде. Әрине, көптеген қауіптер бар, бірақ мен оны жеңе аламыз деп ойлаймын», — деп жазды Рахымбаев.

«Ел сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыз — ел үшін сіз не істей алатыныңызды сұраңыз!» — деп қосты құрылыс компаниясының басшысы.

Бұған дейін Айдын Рахымбаев коронавируспен күресетін медицина қызметкерлеріне көмек үшін 100 миллион теңге бөлінетінін жариялаған болатын.

stan.kz