Нұр-Сұлтандағы автобус соқтығысуынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

0

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылының бойында үш елордалық қоғамдық көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, бір жолаушы мен бір автобустың жүргізушісі қаза тапқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Астана ЛРТ» мәліметінше, 26 наурызда Қабанбай даңғылымен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы болған. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қаламаңынан жүретін № 303 автобус №12 бағытта жүретін қоғамдық көлікті соққан.