Нұр-Сұлтандағы 5 полиция қызметкерін коронавирусқа тексеруде — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда бес полиция қызметкерін коронавирус инфекциясына күдікпен карантинге жатқызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов мәлімдеді.

Жамбыл облысында полицейді пышақтап, өртеп жіберген: ІІМ істі айрықша бақылауға алды

«Полиция қызметкерлері алдыңғы қатарда дәрігерлермен бірге қызмет етеді. Өкінішке орай, біздің қызметкерлерге де қауіп төніп тұр. Инфекцияға күдікпен 17 қызметкер ауруханаға жеткізілді. 12 қызметкерде коронавирус сынағы теріс нәтиже көрсетті. Қалған бес қызметкер карантиндік аймақтарда, олардың диагнозы зерттеу нәтижелері шыққан кезде белгілі болады», — деді Сәденов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, барлық полиция қызметкерлері бақылау-өткізу пункттерінде бетперде, қолғап және арнайы костюмдермен толық қамтамасыз етілген.

«Бүгін екі мыңға жуық қызметкер сынақтан өтті, бұл жұмыс күн сайын жалғасады. Осы аптада үш мыңға жуық қызметкер марапатталады», — деді ол.

stan.kz