Нұр-Сұлтанда зират маңында ТЖ кезінде балық аулағандар ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан полицейлері төтенше жағдай кезінде зират маңындағы көлде балық аулап жүрген ер азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

рыбалка

Олар тас жол жанында қолға түскен. Ұсталған азамттардың барлығы «ТЖ режимін бұзғаны үшін» бабы бойынша әкімшілік жазаға кесіліп,  27 780 теңге көлемінде айыппұл тағайындалған. 

«10-12 сәуір аралығында барлығы 231 адам әкімішілік жазаға тартылды, олардың 20-сы қамалып, 140-ына айыппұл салынды. Тағы 48-іне ескерту жасалды. Сот қарауында 14 іс жатыр. Арнайы коммуналдық тұрақтарға 200 көлік жіберілді. Олардың 151-і енді қолдануға қайтарылмайды», — деп мәлімдеді елордалық ПД өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды сәуір айының соңына дейін созуды тапсырған болатын.

stan.kz