Нұр-Сұлтанда жүріп бара жатқан пойыз вагоны отқа оранды (видео)

0

Елордада 18-нен 19-на қарағантүні қызметтік вагон өртке оранды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі жалынды станциядағы арнайы өрт сөндіру пойызы сөндірді.

«Абырой болғанда адам шығыны болмады. Пойыздардың кідірісі, жолдың бұзылуы, сигнал беру құрылғыларының дабыл қағуы, орталықтандыру, жолды бұғаттау болған жоқ», — деп түсіндірді ұлттық компания.

ҚТЖ хабарлауынша, қызметтік көлік компания қызметкерлеріне арналған және жолдарды жөндеу жұмыстары кезінде қолданылады.

 Аталған фактіге сәйкес, төтенше жағдайлар департаменті тергеу жүргізеді.