Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп жатыр

Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/412/91/4129181.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20200108/12477906/zholaushylar-avtobus-video.html
Әуежай аумағындағы жолаушылар автобусынан өрт шықты, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың аумағында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әуежай аумағында жолаушылар автобусы өртеніп жатқан видео әлеуметтік желіде тарады.
Астана LRT-ның қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
«Қазір толық ақпаратты күтіп отырмыз. Бірақ 12 бағыттағы автобустың өртенгені белгілі. Халықаралық әуежайдың маңайында автобустың артқы жағы өртенген. Ең бастысы, зардап шеккендер жоқ», — деді Азанбаева.
Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр.
sputniknews.kz