Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді
Қысқа сілтеме алу
Алаш тасжолы бойындағы жекеменшік жатақханадан өрт шығып, барлық тұрғын дер кезінде қауіпсіз жерге эвакуацияланды
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Жексенбі, 16 ақпан күні кешке Нұр-Сұлтанның Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жекеменшік жатақхана өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Өрт шыққаны туралы қоңырау сағат 21.37-де түсті.
Өрт сөндірушілер келген кезде шатыр мен екінші қабат жартылай жанып жатқан.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 22:31-де оқшауланып, 22:44-те сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Оқиға кезінде жатақханада тұратын алты адамның ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Төтенше жағдайдан кейін олардың бәрі көрші жатақханаларға орналастырылды.
Өртті сөндіруге елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 26 қызметкері мен жеті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
sputniknews.kz