Home Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда жалақыларын ала алмаған Абу Даби Плазаның құрылысшылары жұмыстарын тоқтатты

Нұр-Сұлтанда жалақыларын ала алмаған Абу Даби Плазаның құрылысшылары жұмыстарын тоқтатты

0
439

10 жылдан бері құрылысы аяқталмай келе жатқан Қазақстандағы ең биік ғимаратта істейтін 300-ге жуық құрылысшы жұмыстарын тоқтатты. Екі айдан бері жалақы алмаған олар тіпті әлеуметтік төлемдер де уақытылы аударылмайды дейді.

Нәпақа табу үшін өңірлерден отбасын сүйреп елордаға келгендердің дені пәтер жалдап тұрады. Тұрмыстың қиындығы желкеден қысқандар енді жалақы берілмей жұмысты бастамақ емес, деп хабарлайды 31 арна.

Құрылысы басталғаннан бері маңайынан дау арылмайтын Абу Даби Плазаның бүгін құрылысы тоқтап тұр. Өйткені 77 қабатты ғимаратты салып жатқан құрылысшылар тағы наразылыққа шықты. 300-ге тарта жұмысшыны тең бөліп құрылыс жүргізіп отырған «ҚазақстанСтройТехно» және «ҚазИнжинирингПровайдер» компаниялары. Шетелдік инвестордан ақша алатын олар кінә бізден емес деп отыр.

«Былтырдан бері бережақ. Сол себепті біз сіздерге уақытында төлей алмай қалдық. Яғни, Нұр-Сұлтанда ең биік ғимаратты салып жатқан шетелдік «Арабтек СиСиСи» компаниясы мердігер компанияларға уақытылы ақша аудармаған», – деді «ҚазақстанСтройТехно» компаниясының атқарушы директоры Азамат Нұртаев.

«Бұл инвестициялық жоба. Біз қазақстанның ақшанын пайдаланып жатқан жоқпыз. Қаражатты шетелден аламыз. Ал ол жақтан ақша тез келмейді. Банктік түрлі схемалара бар дегендей. Сондықтан қаражат уақытында аударылмай қалды», – деді «Арабтек СиСиСи» компаниясының өкілі ІлиясДәуленов.

Осылай деп ақталған шетелдік компания өкілі кеше сағат кешкі 17.00-ге дейін 50 миллион теңге аударып, 300 жұмысшының бір жарым айлық жалақысын қайтарып береміз деп уәде етті. Ал қалған қаражатты осы айдың 21-іне дейін түсірмек. Ал еңбек адамдарының құқығын қорғаймын деп әкімдіктен арнайы келген маман тіпті борышкер компанияны жауапкершілікке тарта алмайтын болып шықты. Өйткені құрылысшылар атынан Нұр-Сұлтан әкімдігіне өтінім түспеген.