Нұр-Сұлтанда үкімет басшысы бастаған министрлер қоқыс тазалауға шықты

0
134

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Үкімет мүшелері, еріктілер және қала тұрғындары сенбілікке шығып, өзен жағалауын тазалады

Нұр-Сұлтан, 27 шілде — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған шенеуніктер сенбілікке шығып, өзен жағасындағы қоқысты жинады.

Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтандағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазартуға қатысты

Асқар Мамин бастаған үкімет «Бірге – Таза Қазақстан» акциясына қатысып,  Нұр-Сұлтан қаласындағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазарту жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

 Акция аясындағы экологиялық сенбілік барысында Есіл және Қарасу өзендерінің, Вячеслав су қоймасы мен Майбалық көлінің жағасы қоқыстан тазартылды. Іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты.

Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтандағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазартуға қатысты

Үкімет мүшелері, елорда әкімдігінің қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер мен еріктілер он алты тонна қоқыс жинады.

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын биыл 20 шілдеде Асқар Мамин өзі бастаған болатын. Қоянды су қоймасының аумағын тазалауға 1200 адам қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс жинады.



sputniknews.kz