Нұр-Сұлтанда үкімет басшысы бастаған министрлер қоқыс тазалауға шықты
Қысқа сілтеме алу
Үкімет мүшелері, еріктілер және қала тұрғындары сенбілікке шығып, өзен жағалауын тазалады
Нұр-Сұлтан, 27 шілде — Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған шенеуніктер сенбілікке шығып, өзен жағасындағы қоқысты жинады.
Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтандағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазартуға қатысты
Асқар Мамин бастаған үкімет «Бірге – Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Нұр-Сұлтан қаласындағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазарту жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына 5 мыңнан аса белсенді азамат қолдады. Баршаңызға алғыс білдіреміз. Шараға Премьер-министр мен Үкімет мүшелері де атсалысты. Белгіленген 4 орыннан 16 тоннадан астам қоқыс-қалдықтар жиналды. pic.twitter.com/SHnUXHvVuX
— Altay Kulginov (@AltayKulginov) July 27, 2019
Акция аясындағы экологиялық сенбілік барысында Есіл және Қарасу өзендерінің, Вячеслав су қоймасы мен Майбалық көлінің жағасы қоқыстан тазартылды. Іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты.
Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтандағы өзендер мен су қоймаларының жағалауын тазартуға қатысты
Үкімет мүшелері, елорда әкімдігінің қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер мен еріктілер он алты тонна қоқыс жинады.
«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын биыл 20 шілдеде Асқар Мамин өзі бастаған болатын. Қоянды су қоймасының аумағын тазалауға 1200 адам қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс жинады.
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық сенбілігіне қатысқан əрбіріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін! Акция бір-ақ рет болмасын, барлығын осы дəстүрді жалғастыруға, отандастарымызды өз бойына қоқысты бөлектеп жинау мəдениетін сіңіруге шақырамын. pic.twitter.com/pHYIfHRS6x
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) July 27, 2019
sputniknews.kz