Нұр-Сұлтанда үй қызметшісі бұрынғы жұмыс берушісін тонап кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұры қылмысқа мұқият дайындалған, ол пәтерден құны 29 мың доллар болатын құнды заттарды алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым — Sputnik. Елорда тұрғындарының пәтерін өздерінің бұрынғы үй қызметшісі тонап кетті, ол 11 миллион теңгенің затын ұрлап кеткен, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Германияда үй қызметшісі жантүршігерлік қылмыс ұйымдастырған

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер пәтерінен құны 11 миллион теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткенін айтқан. Ұрылар құнды заттар мен танымал брендтер тіккен әйелдер сөмкелерін қолды еткен.     

Қылмыскерді табуға видеобақылау камералары көмектесті. Ол бұрын зардап шеккен әйелдің үй қызметшісі болған 28 жастағы қыз болып шықты.  

«Күдікті зардап шегушілердің пәтерінде бір ай үй қызметшісі болып жұмыс істегені белгілі болды. Осы уақыт ішінде ол сыртқы есіктің кілтін жасатып үлгерген. Бірнеше ай бойы ұрлық жасауға жоспар құрып, мұқият дайындалған. Ол видеобақылау камераларынан күннен қорғайтын көзілдірікпен, бейсболкамен жүзін жасырған», — деп мәлімдеді полиция.

Күдікті ұрланған заттарды сатып үлгермеген, сондықтан олар дереу тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта «Ұрлық» бабы бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.



sputniknews.kz